Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі фосфорит кендерін өндіру және оларды қайта өңдеу болып табылады.
Тексеру барысында тау-кен көлігі жабдықтары, жүк көтергіш крандар, карьер, ұсақтау-сұрыптау фабрикасы, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар және басқалары тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 6 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті