
Комиссиямен «УПТК» ЖШС аумағында жүк көтергіш механизмнің құлауына байланысты аварияға тексеру жүргізу барысында, 2022 жылғы 17 маусымда шамамен сағат 14:59-да өндірістік база аумағында, ауа райының нашарлауына (желдің күшеюіне, нөсер жаңбырға) байланысты, КДКК-10 аспалы кранның құлап кеткені анықталды. Қатты жел мен нөсер жаңбырдың салдарынан кран орнынан жылжып, инерция бойынша (195-200 метр) рельс жолымен өтіп, бұғатталған тіректерді шешіп, оның сыртына шығып, кабинамен алға қарай құлаған. Осы уақытта кран жүргізушісі мен ілмектеуші кранының кабинасында болған, олар құтқарылып, медициналық мекемеге жеткізіліп, кейін жеңіл дене жарақатымен шығарылған.
Тексеру барысында жиналған материалдардың негізінде комиссия, жұмыстарды крандармен қауіпсіз жүргізу үшін жауапты тұлға, машинист және ілмектеуші «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын (87, 432 және 434-тармақтар) сақтамады деген қорытындыға келді.
Тексеру нәтижелері бойынша комиссия қорытынды шығарып, кәсіпорын басшылығына апаттың салдарын жою бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды және осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті