«Каспий» Геофизикалық компаниясы» ЖШС тексеру нәтижелері

«Каспий» Геофизикалық компаниясы» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Каспий» Геофизикалық компаниясы» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Ұйым қызметінің негізгі бағыттары мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарға ұңғымаларды геофизикалық зерттеу бойынша қызмет көрсету болып табылады.

Тексеру барысында ЖМ қысқа мерзімді шығыс қоймасы, көтергіш-каротаж станциялары және перфоратор станцияларының зертханасы тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының бір бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылық қаралды, оны жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті