Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Тойсай» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу болып табылады.
Тексеру барысында 21 объекті (компрессорлық қондырғылардың ауа жинағыштары, сұйытылған көмірсутекті газды сақтауға арналған сыйымдылықтар, элеватор, мұнай базасы, астық қабылдау пункті және басқалары) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 30 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- Аварияларды жою жоспары болмауы;
- Технологиялық жабдықтардың (норийлер, конвейерлер, триерлер, сепараторлар, аспирациялық желілер) паспорттарының болмауы;
- Қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсету үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен шарттың болмауы;
- Қауіпті техникалық құрылғылардың қызмет ету мерзімін ұзартуға сараптамалардың болмау;
- Барлық арқандар мен ыдыстар мерзімді тексерілмегендігі және басқалар болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 21 бірлік қауіпті техникалық құрылғыларды тоқтата тұру туралы талап арыз жолдау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті