
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Лисаковская монтажная фирма - Имсталькон» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі құрылыс құрылымдарын дайындау және монтаждау болып табылады.
Тексеру барысында шынжыр табанды және көпірлі крандар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- сырғалары жоқ ілмектердің, сондай-ақ жарамсыз деп танылатын ілмектердің көпірлі кранның және кран-арқалықтардың жұмыс аймағында болуына жол берілуі;
- кран-арқалықтардың жұмыс орнында олардың массасы көрсетілген крандармен тасымалданатын негізгі жүктердің сенімді тізімінің болмауы. Жүктерді тасымалдау және қоймаға қою жөніндегі технологиялық регламенттің болмауы;
- жүк көтергіш механизмдердің қызмет ету мерзімін ұзартуға сараптамалардың болмауы және басқалар болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 11 бірлік қауіпті техникалық құрылғыларды (5 бірлік кран-балка және 6 бірлік таль) тоқтата тұру туралы талап арыз жолдау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша Департамент басшысының төрағалығымен кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті