
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ХПП Карагай» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі астықты сақтау және жүзеге асыру болып табылады.
Тексеру барысында 21 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, астық сақтау қоймалары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 18 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптиік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт және оны жүзеге асыру шарттарын әзірлемеуі;
- өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау сараптамасын осы жұмыстарды орындауға аккредитациясы жоқ ұйым жүргізуі;
- ұйымның басшысы бекіткен және кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келіскен апатты жою жоспарының болмауы;
- манометр шкаласында жұмыс жағдайына сәйкес бөлу мәнінің деңгейінде қызыл сызықтың болмауы;
- сепараторларда тығыздалған және шаң өткізбейтін тексеру люктері болмауы және басқалар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті