Петропавл қаласындағы «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС филиалын тексеру нәтижелері

Петропавл қаласындағы «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес Петропавл қаласындағы «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сү өнімдерін өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 22 объекті (химия саласындағы объектілер, аммиакты тоназытқыш қоңдырғысы, тоназытқыш сақтау камералар, прекурсорлар қоймасы, химия зертханалар, жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, газ шаруашылығы объектілері және басқалар) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті