
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 06 желтоқсанда берілген № 198 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «AGRO-FOOD» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорының негізгі қызмет түрі астықты қоймаға қою және сақтау болып табылады.
Тексеру барысында құрама жем зауыты және қысымен жұмыс істейтін жабдықтар тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өндеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті