«УралНефтеГазСервис» ҒӨК» ЖШС тексеру нәтижелері

«УралНефтеГазСервис» ҒӨК» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «УралНефтеГазСервис» Ғылыми-Өндірістік Кәсіпорын» ЖШС қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мұнай ұңғымаларын салу және пайдалану кезінде сервистік қызметтер көрсету, сондай-ақ жарылғыш заттарды сатып алу және сақтау, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу болып табылады.

Тексеру барысында геофизикалық жабдықтар, жарылғыш материалдар қоймасы, иондаушы сәулелену көздерінің қоймасы тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 6 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының»талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті