«Атамекен-Агро-Есиль» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Атамекен-Агро-Есиль» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2022 жылғы 28 ақпанда берілген №4/3 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында, «Атамекен-Агро-Есиль» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында кептіру және тазалау мұнарасы және мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалары (цистерналар) тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті