«Зенченко и К» КС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Зенченко и К» КС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2022 жылғы 11.03 берілген 14/15 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында 2022 жылғы 31 мамырдан бастап 06 маусым аралығында «Зенченко и К» КС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сүт және ірімшік өндіру болып табылады. Тексеру барысында өндірістік цехтар тексерілді Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті