«Казатомпром-SaUran» ЖШС «Рудник Таукент» филиалы тексеру нәтижелері

«Казатомпром-SaUran» ЖШС «Рудник Таукент» филиалы тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Казатомпром-SaUran» ЖШС «Рудник Таукент» филиалы қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі уран шикізатын өңдеу және өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 40 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, сорғы станциясының жабдықтары, геотехнологиялық полигон, аммиакты селитра қоймасы және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 24 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік актісіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмауы;

- өндірістік ғимараттар және технологиялық құрылыстар диагностикалау сараптама нәтижелері ұсынылмауы;

- қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті