Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша алдын алу» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың жетекшісі С.С. Балғымбаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын түсіндірді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар қаралды.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң және толық басшылыққа алуы тиіс екендігіне ерекше назар аударылды.

Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша туындаған мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында келесі ұсынымдар берілді:

- тұрақты негізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамасының, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердің тиісті түрін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау бойынша жұмысты жалғастыру;

- күн сайын бөлім басшылары Департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізу;

- ҚР Этикалық кодексін сақтау мақсатында Департамент қызметкерлері қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қолсұғушылықпен ұштасқан заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартпауға міндетті.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті