Түркістан облысында «Тау-кен өндірісіндегі тау сілемінің құлауы» тақырыбында оқу дабылы өткізілді

Түркістан облысында «Тау-кен өндірісіндегі тау сілемінің құлауы» тақырыбында оқу дабылы өткізілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Central Asia Mining Co» ЖШС-нің «Жолбарысты» кен орнында оқу дабылын өткізуге қатысты. «КӘАҚҚ Республикалық орталық штабы» ЖШС құтқарушылары мен кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметкерлері авариялық-құтқару қызметтерінің дайындық деңгейін, персоналдың авариялық жағдайлар кезіндегі өз іс-қимылдарынан хабардар болуын, сондай-ақ объектінің күтпеген жағдайларға дайындығын тексерді.

Осылайша, аварияларды жоюдың жедел жоспарына сәйкес сағат 15:00-де тау-кен массасының құлауы орын алады, соның нәтижесінде тау-кен жұмысшысы әртүрлі дәрежедегі жарақат алады.

Жарушы қызметкер зардап шеккен жұмысшыны байқап, оны қауіпсіз жерге апарып, қосалқы шығу арқылы шықты. Тау-кен шебері мен диспетчерге болған апат туралы хабарлады.

Тау-кен шебері вахта бастығына авария туралы хабарлады және құтқарушыларды шақырды.

Сағат 15:05-те оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Сағат 15:07-де құтқарушылар қалған адамдарды штольнядан шығару жұмыстарын бастады.

Сағат 15:23-те құтқарушылар зардап шеккен жұмысшыны алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Аудандық орталық ауруханаға алып кетті.

Авария болған жерді қалпына келтіру мақсатында сағат 15:25-те жұмысшылардың жабдықталған бригадасы оқиға орнына аттанды және сағат 15:40-та жұмыстар аяқталды.

Департамент басшысы Н. Ысқақов оқу дабылын өткізу бойынша ескертулер жасады, атап айтқанда:

- құтқарушылар тарапынан № 4 штольняда басқа жұмыскерлерді қайта тексеру жүргізілген жоқ;

- № 4 штольняға кірер алдында Департамент қызметкерлері қосалқы шығу жолдарымен таныстырылған жоқ.

Жалпы, кәсіпорын құтқарушылары мен қызметкерлерінің іс-әрекеттері аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті