«ТРАНСНЕФТЬ-УРАЛ» АҚ Филиалының «Петропавл» ЖӨДС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«ТРАНСНЕФТЬ-УРАЛ» АҚ Филиалының «Петропавл» ЖӨДС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 26 қарашасы берілген 63/68 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «ТРАНСНЕФТЬ-УРАЛ» АҚ Филиалының «Петропавл» ЖӨДС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі магистральдық құбырларды пайдалану болып табылады.

Тексеру барысында резервуарлар тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі, мұнай базалары мен жанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының» және «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті