
«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ («ССТӨБ») Тау-кен өндіру кешенінің «Соколов» шахтасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті өкілінің, Рудный «КӘАҚҚ Республикалық орталық штабы» құтқарушыларының және кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметкерлерінің қатысуымен оқу дабылы өткізілді.
Оқу дабылының негізгі мақсаты объектінің дайындығын, персоналдың авариялық жағдайлар кезінде өз іс-қимылдарын білуін, өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуін, алғашқы медициналық көмек көрсете білуін бағалау және тексеру, сондай-ақ авария орнына медицина қызметкерлерінің, авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтердің жауынгерлік есептоптарының жауынгерлік қабілеттілігін және уақтылы келуін тексеру болып табылады.
Әзірленген оқу дабылын өткізу жоспарына сәйкес, тау-кен диспетчеріне учаске бастығынан «Вспомогательный» оқпанындағы, оқпанның шахта үстіндегі +13 м. ғимаратындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Тау-кен диспетчері бұл туралы Тау-кен өндіру кешенінің басшылығына, Рудный «КӘАҚҚ РОШ» құтқарушыларына, өртке қарсы қызметтің жауынгерлік есебіне, медпункт фельдшеріне дереу хабарлады.
Шахтада барлық жұмыстар дереу тоқтатылып, барлық адамдар шығарылды.
09 сағат 09 минутта медпункт фельдшері келді (оқу дабылы басталған сәттен 4 минут өткен соң), 09 сағат 25 минутта құтқарушылардың бірінші бөлімшесі мен өртке қарсы қызмет келді, 09 сағат 34 минутта құтқарушылардың екінші бөлімшесі келді.
09 сағат 33 минутта өрт сөндіру командасы өрт ошағын анықтау туралы баяндама жасады.
Сағат 09:37-де өрт сөндіру командасы өрт аймағын 13 м2-ге дейін азайту және өртті оқшаулау туралы баяндама жасады.
10 сағат 43 минутта құтқарушылардың аварияны жою туралы, көміртегі оксиді мен азот оксидінің құрамына экспресс әдіспен ауа сынамаларын өлшеу туралы есеп берді. Өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген концентрация нормаларынан асып кетпегендігі анықталды.
Дабылға қатысушылардың барлық іс-әрекеттері аварияларды жою жоспарына сәйкес келді, алайда Департаменттің мемлекеттік инспекторы Солтүстік желдеткіш оқпанының таудағы кен ауласындағы телефонның ақаулығын ескеріп, дабылға қанағаттанарлықсыз дайындық туралы ескерту жасады. Оқу дабылының қорытындысы бойынша мемлекеттік инспектор тиісті ұсыныстар берді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті