Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Алматықалақұрылыс» Көпсалалы компаниясы» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін салу болды, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланды. Ағымдағы жылдың басынан бастап басшының шешіміне байланысты кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануды тоқтатты.
Тексеру барысында өндірістік база тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 2 бұзушылығы анықталды (қауіпті техникалық құрылғылардың паспорттарында оларды есептен шығару туралы жазбаның болмауы). Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті