Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Компания «ОБИС» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі алкгольсіз ішімдіктерді шығару болып табылатын, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.
Тексеру барысында 2 ауажинақтауыш тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 5 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт болмауы;
- аварияға қарсы жаттығуларды өткізу жоспарлары мен актілері болмауы, қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда іс-қимыл жасауға үйрету қамтамасыз еттеу болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті