Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Қазақстанның Мемкентехқадағалау құрылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты шараға азаматтық қорғау ардагерлері, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қарағанды облысы бойынша ТЖМ Ардагерлер кеңесінің төрағасы және Департаменттің жеке құрамы қатысты.
Департамент басшысы Байкен Есқанұлы Жұмабаев ардагерлер мен сала қызметкерлерін мерейтойымен құттықтап, оларға «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына 100 жыл» мерекелік медальдарын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының Алғыс хаттарын табыс етті.
Әкімнің орынбасары Вадим Борисович Басин мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Департамент қызметкерлеріне: А.М. Аубакироваға, Н.В. Наплывинге, Р.В. Абсалямоваға, С.М. Жүнісбековке, С.А. Сағидоллаевқа, К.А. Есенеевке облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Береке Елеуұлы Әбдіраев Қазақстанның Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы «Қоғамдық бірлестіктің Орталық ардагерлер кеңесі» атынан құрметті ардагерлер З.Т. Сейсенов пен С.И. Зубовқа «Ардагер» төсбелгісін табыс етті.
Сондай-ақ, «2022 жылдың үздік инспекторы» конкурсының қорытындысы бойынша Қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнай-химия объектілерін және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы М.А. Досетов (Жезқазған қ.) және Тау-кен металлургия саласын мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Б.Т. Сейілов (Жезқазған қ.) үздік атанды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті