Маңғыстау облысында азаматтық қорғау ардагерлерін Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының мерейтойымен құттықтады

Маңғыстау облысында азаматтық қорғау ардагерлерін Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде азаматтық қорғау ардагерлері мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшысы Рахман Амангелдіұлы Қалиев азаматтық қорғау ардагерлері мен Департамент қызметкерлерін тау-кен және өнеркәсіптік қадағалаудың мерейтойымен құттықтап, қазіргі уақытта жас буын қызметкерлері үшін лайықты үлгі болып табылатын, мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау ардагерлері осы өңірде өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамытуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Іс-шара барысында сала ардагерлері мен Департамент қызметкерлері төсбелгілермен, медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерінің балалары 100 жылдық мерейтой қарсаңында өткізілген «Менің ата-анам өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының қызметкері» тақырыбындағы шығармалар мен суреттер конкурстары бойынша номинациялармен марапатталды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті