Қазақ тау-кен қадағалау басқармасы құрылғанына 100 жыл толуын атап өту Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінде жалғасуда

Қазақ тау-кен қадағалау басқармасы құрылғанына 100 жыл толуын атап өту Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінде жалғасуда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде азаматтық қорғау ардагерлерінің, ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшысы Талғат Тоқсанәділұлы Байзақов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына 100 жыл» төсбелгілерін және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға елеулі үлесі қосқаны үшін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының алғыс хатымен Департаменттің бас маманы Жамбыл Мұсабекұлы Таласбаев марапатталды.

ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсембаев Бейбіт Әзімханұлы құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымының «Қоғамдық бірлестіктің Орталық ардагерлер кеңесінің» «Ардагер-ардагер» төс белгілерін табыс етті.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті