Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Әнұранды орындауға арналған республикалық акцияға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Әнұранды орындауға арналған республикалық акцияға қатысты

2022 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бірыңғай республикалық акция аясында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі болып табылады, ал мемлекеттік рәміздерге зор және құрметпен қарау – мемлекет дамуының құрамдас бөлігі.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңыздылығы туралы бейнеролик көрсетілді.

Басты мақсат – жастардың патриотизмін нығайту, Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.

Еске сала кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын.  Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздеріміз – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде тарихта мәңгі қалады.  Республикамызда Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» және 2007 жылғы 4 маусымдағы «Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы» Жарлықтарына сәйкес аталып өтіледі.