Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес жаңа облыстар және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық департаменттері құрылатын болады.
Осыған байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен үздіксіз және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық департаменттері жаңа аумақтық бірліктерде тиісті ақпараттық жүйелер құрылған сәтке дейін Жетісу, Абай және Ұлытау облыстары бойынша (тиісінше) мемлекеттік қызметтер көрсететін болады.