
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 11 қазанда берілген № 83 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «Central Asia Mining Co» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорының негізгі қызметі қатты пайдалы қазбаларды өндіру және барлау болып табылады.
Тексеру барысында «Келіншектау», «Жолбарысты», «Мыңшұқыр» және «Алтынтаусай» кен орындары, гидрометаллургиялық цех, үймелеп сілтілендіру учаскесі, «Төменгі Күмісті» кеніші және жарылғыш материалдар қоймасы тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.