«Киялинский Элеватор» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Киялинский Элеватор» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2022 жылғы 25 наурызда берілген № 18/16 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «Киялинский Элеватор» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу объектілері (кептіру-тазалау мұнарасы, элеватор, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар (резервуарлар)) тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының», «Көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.