«АстанаГазСервис» АҚ тексеру нәтижелері

«АстанаГазСервис» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «АстанаГазСервис»АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қаланы газбен қамтамасыз етумен айналысады, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.

Тексеру барысында 30 объекті тексерілді (ғимараттар мен құрылыстар, газ толтыру станциясының жабдықтары, стационарлық компрессорлық станция, ауа жинағыштар, баллондарды сақтау қоймалары және басқалар). Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 16 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент басшысының төрағалығымен кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.