«ЦентрПромГеофизика» ЖШС тексеру нәтижелері

«ЦентрПромГеофизика» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ЦентрПромГеофизика» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ұңғымаларды геофизикалық зерттеу және бұрғылау-жару жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Тексеру барысында 5 объекті тексерілді («Қарақұс-1» және «Төменгі Күмісті» карьерлері, жарылғыш материалдар қоймалары және басқалары) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімі талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» талаптары түсіндірілді.