«ЭЛМЕХМОНТАЖ» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«ЭЛМЕХМОНТАЖ» ЖШС жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 23 желтоқсанда берілген № 109 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «ЭЛМЕХМОНТАЖ» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Кәсіпорының негізгі қызметі жалпы карьер бойынша әктасты эксковациялау және тасымалдау болып табылады.

Тексеру барысында «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Абаил» карьерлері тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.