«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбыры басқармасын тексеру нәтижелері

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбыры басқармасын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚБ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі газ тасымалдау болып табылады.

Тексеру барысында 49 нысан тексерілді («Бұхара-Орал» магистральдық газ құбыры, «Жаңажол-Ақтөбе» МГҚ, «Қожасай-КС-12» МГҚ, «Бозой» жерасты газ қоймасы, компрессорлық станциялар, газ тарату станциялары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, қазандықтар және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 70 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.