«Alfa Оrganic» уытты спирт зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

«Alfa Оrganic» уытты спирт зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Alfa Organic» уытты спирт зауыты» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өзге де негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 17 объекті тексерілді (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, компрессорлық қондырғылар және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- қысымның рұқсат етілген мәннен жоғары көтерілуінен сақтандырғыш құрылғылардың (клапандардың) болмауы;

- ГПМ қауіпсіздік аспаптары (шеткі ажыратқыштар) істен шыққан;

- зертханада жүргізілетін барлық жұмыс түрлері бойынша технологиялық регламенттердің болмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптыры түсіндірілді.