«МАСТ» ЖСШ тексеру нәтижелері

«МАСТ» ЖСШ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «МАСТ» ЖСШ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу болып табылады.

Тексеру барысында 12 объекті тексерілді (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, компрессорлық қондырғылар және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 18 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- құбыржолдардың жалғануын қолдану кейіннен дәнекерлеу жіктерінің сапасын бүкіл ұзындығы бойынша радиографиямен немесе ультрадыбыстық дефектоскопиямен тексеруді жүргізумен сәйкес келмеуі;

- жерге тұйықтау құрылғылары кедергісінің шамасын өлшеу мерзімділігіне сәйкес келмеуі;

- жерге тұйықтау құрылғысының паспортына жазылған хаттама, кедергі шамасын өлшеу нәтижелері болмауы;

- қарқынды коррозия жағдайында жұмыс істейтін коммуникация қабырғаларының (күкірт қышқылы құбырлары) тозу шамасын жыл сайын бақылау актілері болмауы;

- оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етпей жүргізу және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.