Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Астана Ойл» Мұнай үйі»» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі қысқы дизель отынын өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 15 объекті тексерілді (цехтар, мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша учаскелер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, технологиялық құбырлар, мұнай базасы, резервуарлар және төгу-құю құрылғылары және басқалары), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 34 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалар басшыларының, мамандарды, қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмауы;
- бекітілген және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында келісілген қауіпті өндірістік объектіні реконструкциялау жобалық құжаттамасының болмауы;
- резервуарларды мерзімді зерттеп-қарау және дефектоскопия мерзімдерін сақталмауы;
- мәжбүрлеп қолданылатын желдеткіш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігі жыл сайын тексерілмеуі, тексеру нәтижелері төлқұжатта белгіленбеуі;
- резервуарларды мерзімді тазалауды жүргізілмеуі және басқалары болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.