Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің халықаралық семинары

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің халықаралық семинары

2022 жылғы 26 мамырда Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері химия өнеркәсібінің қауіпті объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті реттеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Мемлекетаралық кеңеске мүше елдердің қадағалау органдарының халықаралық семинарына қатысты.

Семинар Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Молдова өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде өтті.

Семинар барысында қатысушылар кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізу мақсатында химия өнеркәсібі саласындағы қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылады.