«ЕПК Степногорск» АҚ тексеру нәтижелері

«ЕПК Степногорск» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ЕПК Степногорск» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі: қысқа цилиндрлік роликтері бар радиалды мойынтіректерді, радиалды сфералық екі қатарлы мойынтіректерді шығару және басқа мойынтіректерді дамыту болып табылады.

Тексеру барысында 32 объекті тексерілді (негізгі және қосалқы цехтар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, химиялық зертхана және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалар басшыларының, мамандарды, қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмауы;

- алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды қарау мерзімдерін сақталмауы;

- сақтандыру клапандарына паспорттардың және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың болмауы;

- сақтандыру клапандарын жүргізілген реттеудің нәтижелері туралы журналда жазбалардың болмауы;

- қауіптілігі жоғары орындарда ілінген ескерту плакаттарының, қауіпсіздік белгілерінің немесе дыбыс және жарық сигнализациясының болмауы болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндеқауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.