Нұр-Сұлтан қаласынды «KIOSH 2022» Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласынды «KIOSH 2022» Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өтіп жатыр

Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Қ. Мақажанов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен өтіп жатқан «KIOSH 2022» Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 10-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмеге қатысты. Дәстүр бойынша «KIOSH» қауіпсіздікті мен еңбекті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі мақсаттарды іске асыру жөніндегі басты алаң болып табылады.

Төраға «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қазіргі заманғы портреті санмен» Брифингінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады.

"Ескірген, моральдық және табиғи тозған жабдықты пайдаланудан біртіндеп шығару мақсатында қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарына сәйкес технологиялық жабдықты ауыстыру жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 3 267 технологиялық жабдықты (3 152 техникалық құрылғы және 115 технологиялық желі) ауыстыру жоспарланған. Өткен жылы 1 883 жабдық (1 768 техникалық құрылғы және 115 технологиялық желі) ауыстырылды. Жалпы, 2016-2021 жылдар аралығында 12 938 жабдық (12 453 техникалық құрылғы және 485 технологиялық желі) ауыстырылды.

Ағымдағы жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң күшіне енгеніне назар аударамын, онда жаңғыртуды (техникалық қайта жарақтандыруды) және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуді жүзеге асыратын өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну көзделген.

Осы мақсатта өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін Өнеркәсіпті дамыту қоры қаржыландырады, сондай-ақ өндірістерді жаңғырту үшін өтеусіз негізде өнеркәсіптік гранттар беру көзделген.

Ескірген, моральдық және табиғи тозған жабдықтарды пайдаланудан біртіндеп шығару мақсатында кәсіпорындар жоғарыда аталған құралдарды толық көлемде пайдалануы қажет" – деп атап өтті төраға.