«SatKomir» Тау-кен компаниясы» АҚ тексеру нәтижелері

«SatKomir» Тау-кен компаниясы» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «SatKomir» Тау-кен компаниясы» АҚ («Күмісқұдық» көмір разрезі) қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ашық тәсілмен көмір өндіру болып табылады. «Күмісқұдық» көмір кенішінде көмірді автокөлікпен көмір қоймасына шығара отырып, кертпештермен қазу жүйесі қолданылады.

Тексеру барысында 19 нысан тексерілді (дизельді электр станциясы, ұсақтау-сұрыптау қондырғысы, гидравликалық пресс, бұрғылау станогы, көлденең фрезерлі консольді станок, қайрау станогы, тельфер, қырғыш конвейер, экскаваторлар және басқалары), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 40 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.