
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 1-25 наурыз аралығында, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қарцемент»АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында 44 объекті тексерілді (көпір крандары, тіреуіш крандар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, қазандар және басқалары), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 77 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша тірек конструкцияларындағы ақаулар анықталған екі грейферлік кранды тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.