«Қапшағай Мұнай» ЖШС тексеру нәтижелері

«Қапшағай Мұнай» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 05-06 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қапшағай Мұнай» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі сұйытылған мұнай газын көтерме-бөлшек саудада сату болып табылады.

Тексеру барысында қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бір бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.