«Жаркент Газ Сервис» ЖШС тексеру нәтижелері

«Жаркент Газ Сервис» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 05-06 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Жаркент Газ Сервис» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі сұйытылған мұнай газын көтерме-бөлшек саудада сату болып табылады.

Тексеру барысында газ толтыру станциялары мен авто газ құю станциялары тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 9 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 3 бірлік қауіпті техникалық құрылғыларды (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар) тоқтата тұруға талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.