«ANACO» ЖШС тексеру нәтижелері

«ANACO» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ANACO» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Атырау облысы, Жылыой ауданының аумағында орналасқан «Қырықмылтық» кен орнында мұнай мен газды барлау және өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 48 объекті тексерілді (ұңғымалар қоры, мұнай дайындау пункті, мұнай жинау пункті, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы, сорғы станциясы, төгу-құю терминалы, резервуарлық парк, құбырлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 35 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін және ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабы 4-бөлігі бойынша газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» талаптары түсіндірілді.