«Көксу қант зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

«Көксу қант зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Көксу қант зауыты» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі қант өндіру бойынша қант қызылшасын қайта өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында жүк көтергіш крандар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, прекурсорларды сақтау қоймасы тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін бұзушылықтар бойынша қауіпсіздік аспаптары істен шыққан жүк көтергіш механизмдерді (өздігінен жүретін жебелі кран, көпірлі кран және электр таль) одан әрі қауіпсіз пайдаланудың нормативтік мерзімін айқындау мәніне сараптама жүргізілгенге дейін тоқтата тұру туралы талап арызды сотқа жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.