
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС («Жыланды» кеніші) қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қарағанды облысының аумағында орналасқан «Жыланды» кенішінің кен орнында мыс кенін өндіру және қайта өңдеу болып табылады.
Тексеру барысында «Шығыс Сары-Оба», «Итауыз» және «Қарашошақ» шахталарындағы ғимараттар мен құрылыстар, өздігінен жүретін көлік құралдары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, тау-кен және жарылыс жұмыстарына арналған құжаттамалар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 425 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жарылғыш материалдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және 298-бабы 1-бөлігі бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі және 297-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- жүк көтергіш механизмдерде: тельфер мен грейферді басқару пультінде кабельдің тросты аспасының болмауы, кран-арқалықты тексеру және жөндеу жүргізу үшін қызмет көрсету алаңының болмауы, кран-арқалықты ұсатқыш камерасында жүріс редукторының болмауы және басқалар;
- қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарда: суды кетіру үшін дренаж арнасының болмауы, қазандық цехында желдету жүйесінің болмауы және басқалар;
- өздігінен жүретін көлік құралдарында: САТ 980L кабинасының алдыңғы әйнегінсіз және кабинаны кондиционерлеу жүйесінің ақаулары бола тұра пайдалану, САТ 980Н оператор орындығының қауіпсіздік белдігінің инерциялық катушкасында ақаулар бола тұра пайдалану;
- жобалау құжаттамасынан ауытқумен тау-кен жұмыстарын жүзеге асыру;
- қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталмауы;
- техникалық құжаттамасыз жаңадан салынған объектілерді пайдалану (паспорттардың, техникалық журналдардың, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және диагностикалау бойынша есептердің болмауы) болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.