
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдерімен бірлесіп, 2022 жылғы 25 сәуір мен 18 мамыр аралығында, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, «Қазхром» ТҰК» АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі әртүрлі маркалы ферроқорытпаларды өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 28 объекті тексерілді (негізгі (балқыту) және қосалқы цехтар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, құбырлар, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қойма, химиялық зертхана және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 40 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіретін бұзушылықтар бойынша сотқа тоқтата тұру туралы 3 талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды. Сонымен:
- нормативтік қызмет мерзімі өткен 19 көпірлі крандарда тоқтату туралы актілер берілді;
- қызмет ету мерзімі өткен және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы сараптама жүргізілмеген 87 жабдықты тоқтата тұру туралы актілер берілді (шлак тасығыштар – 80 бірлік, сорғылар – 3 бірлік, таспалы қоректендіргіш, таспалы конвейер, ұсатқыш, щек үгіткіш);
- электролизді зерттеу зертханасын тоқтата тұру туралы акт берілді (суды тазартуға арналған), онда желдету жүйелері жұмыс істемеген, Департаментте қысыммен жұмыс істейтін ыдыс тіркелмеген, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының басқа да сәйкессіздіктері анықталған.
Тексеру қорытындысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Танабаевтың төрағалығымен Ақсу ферроқорытпа зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары М. Ж. Мақашевтің қатысуымен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.