«Шығыстүстімет» ЖШС тексеру нәтижелері

«Шығыстүстімет» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 11-26 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Шығыстүстімет» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында Артемьев өндірістік кешені (қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер, тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттамалар, негізгі технологиялық операцияларға нормативтік-техникалық құжаттамалар және басқалар) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 104 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 3-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 297-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тоқтата тұру туралы сотқа келесі талап арыздар жолданды:

- Ауа жинағыштарды пайдалануды тоқтату;

- Талов шоғырының 331 м белгісінде 28 блогының разрездік қуақазында тазарту жұмыстарын жүргізуді тоқтату;

- Нормативтік қызмет мерзімі аяқталған техникалық құрылғыны, СAT 1300G тиеу-жеткізу машинасы пайдалануды тоқтату.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.