Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» тақырыбында кеңес өтті.

«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары – Н.С. Ораш, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі – Ш.А. Пулатов және «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығы» РҚБ төрағасы, саяси ғылымдарының докторы – Н.П. Калашникова Қазақстандағы этносаралық қатынастар саласының ерекшеліктері, Қазақстан халқы Ассамблеяның рөлі және медиация туралы айтып берді.

Саяси және Конституциялық реформалар, алдағы референдумның мемлекеттілікті дамыту мен демократиялық қайта құрудағы маңыздылығы туралы мәселелер ерекше талқыланды.