Құрылыс объектісіндегі жазатайым оқиға туралы алдын ала ақпарат

Құрылыс объектісіндегі жазатайым оқиға туралы алдын ала ақпарат

2022 жылғы 15 мамырда сағат 03:34 шамасында Нұр-сұлтан қаласында, Есіл ауданы, Тұран даңғылы 50, «Тұран 1» КТҮК құрылыс объектісі аумағында (құрылыс салушы «EMPAIRE» ЖШС), құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында, жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде (мұнара краны, кран жеткізуші ЖК «Krans Service Group») авария орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің (гак) құлауына әкеліп соқты. Нәтижесінде бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

Нұр-Cұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқаратын болады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.