
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында, аралығында, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ядролық физика, қатты дене физикасы, радиациялық материалтану, ядролық реакторлар физикасы мен техникасы, атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
Тексеру барысында радиоактивті қалдықтарды сақтау/көму пункттері бар «Байкал-1» зерттеу реакторларының кешені, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері бар импульстік-графитті зерттеу реакторының кешені, «EAGLE» эксперименттік стендісі бар алаң, қауіпті заттар қоймасы бар химиялық зертхана зерттелді. Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.