2022 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ТЖМ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Қойшыбайұлы Мақажанов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін азаматтық қорғау органдарының 11 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының 250 қызметкері Министрліктің ведомстволық наградаларымен марапаттады.