«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 20 сәуір және 06 мамыр аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: энергетикалық жүйелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін электр жабдықтарының кең спектрін жобалау, өндіру және жеткізу болып табылады.

Тексеру барысында: көпірлі крандар, кран-балкілер, электр тельферлер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптыры түсіндірілді.