
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген 21.10.2021 жылғы № 167 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында, 2022 жылғы 28 сәуір және 03 мамыр аралығында «Гидросталь» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорын негізгі қызметі гидромеханикалық құрал-жабдықтарды және гидротехникалық құрылыстарға арналған арнайы болат конструкцияларды жасау болып табылады.
Тексеру барысында қысыммен жұмыс істейтін жабдық тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылық толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.